Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Қазақстанда қандай мамандықтар бойынша тегін жоғары білім алуға болады

Биылғы жылы 53 мың қазақстандық талапкерлер мемлекет есебінен жоғары оқу орындарында білім ала алады

Бұл күндері Қазақстанда маусым айында ҰБТ тапсырған және өту балын жинаған талапкерлерден мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына өтінімдерді қабылдап жатыр.

Ағымдағы жылы мемлекеттік білім грантын алуға үміткерлер саны 80 мыңнан асады, оның ішінде 61039 талапкер құжаттарын eGov.kz порталы арқылы тапсырды. Сондай-ақ университеттердің виртуалды қабылдау комиссиялары бар: мамандар бейне байланыс арқылы талапкерлерге қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға кеңес береді. 9472 талапкер жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы құжаттар тапсырды. Құжаттарды тапсырудың балама нұсқасы ЭСҚ ала алмағандар үшін ыңғайлы. Осылайша құжаттар 30 шілдеге дейін тапсырылуы мүмкін.

- 53 мың қазақстандық талапкерлер еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлауға қаражат бөлетін мемлекет есебінен жоғары білім алуға мүмкіндік алады, - деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. - Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға, оқытушылар мен құрылысшыларға үлкен сұраныс бар. Осы тенденцияны ескере отырып, аталған бағыттардағы білім берудің мемлекеттік тапсырысы да өсуде. Алайда, гранттар ЖОО-ларға бөлінбейді, бәрі үміткерлердің таңдауына байланысты болады.

2020-2021 оқу жылында "Ақпараттық технологиялар" мамандығы бойынша 2468 грант бөлінді. Бүгінгі таңда болашақ IT мамандары еліміздің 49 жоғары оқу орындарында білім алуда. "Қоғамдық медицина" мамандығына 2147 грант бөлінді. Бұл салада кадрлар даярлауға 11 медициналық университет бар. Осы жылы дәрігерлерді оқытуға барлығы 2700 грант бөлінді. Бюджеттен қаржыландырылатын 8 мыңға жуық орын педагогика саласындағы мамандықтарға тиесілі. Олардың ішінде - "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" (789 грант),"Шет тілі мұғалімдерін даярлау"(760 грант), "Химия мұғалімдерін даярлау" (740 грант), "Физика мұғалімдерін даярлау" (730 грант), "Биология мұғалімдерін оқыту" (730 грант), "Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі" (660 грант), "Математика мұғалімдерін даярлау" (500 грант), "Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау" (350 грант), "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау" (200 грант), "Музыка мұғалімдерін оқыту" (30 грант), "Сурет және өнер жұмысы мұғалімдерін оқыту" (30 грант), "Алғашқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау" (20 грант). Гранттар үшін ең жомарт мамандықтардың қатарына: электротехника және энергетика (1800 грант), Тау-кен ісі (1702 грант) және Механика және металл өңдеу (1500 грант) мамандықтары кіреді. Гуманитарлық бағыттың 12 мамандығы бойынша бюджеттен қаржыландырылатын 1285 орын бар, атап айтқанда - философия және этика, дін және теология, тарих және археология, аударма ісі, филология, әлеуметтану, саясаттану, журналистика және репортаж жасау ісі және т.б.

Мемлекет "Биология және сабақтас ғылымдар" (650 грант), "Физика" (852 грант), "Химия" (670 грант), "Математика және статистика" (600 грант), "Ақпараттық қауіпсіздік" (600 грант), "Байланыс және байланыс технологиялары" (500 грант), "Электротехника және автоматизация" (720 грант), "Жер туралы ғылым" (450 грант) және т.б. мамандықтарды молынан қаржыландыруға дайын. Талапкерлер ауылшаруашылық саласында да өз бақтарын сынап көре алады - "Ветеринария"(бюджеттік 825 орын), "Өсімдік шаруашылығы" (470 орын), "Агроинженерия" (360 орын).

Еске сала кетейік, университеттердің академиялық еркіндігі аясында 2019 жылдан бастап білім беру бағдарламаларының тізілімі жүргізіліп келеді, осы ауқымды техникалық және мазмұнды сараптама жүргізу арқылы бағдарламалардың сапасын бағалауға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда бұл тізілімге 9130 білім беру бағдарламасы кіреді, оның ішінде - 541 жаңа және 83 инновациялық бағдарламалары бар. 1 қыркүйектен бастап еліміздің жоғары оқу орындары кадрларды "Қолданбалы деректерді талдау", !Технологиялар және инновацияларды басқару", !Биоинженерия", !Сандық аударманы зерттеу", !Спорттық журналистика", !IT кәсіпкерлік және сандық экономика", !Сандық педагогика", !Жасанды интеллектімен жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер", !Ақпаратты өңдеу және визуализация", !Сандық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау", !Табиғи және техногендік қауіптер", !Ауыл шаруашылық экологиясы", !Медициналық құқық!, !Қолданбалы эпидемиологоия"сияқты инновациялық бағдарламалар бойынша дайындайды.
Следующая →