Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Qazaq Air әуе компаниясы қосымша рейстерді іске қосады

Қазақстандықтар енді ұшақпен Нұр-Сұлтаннан Үшаралға, сондай-ақ Алматыдан Жезқазғанға қарай қатынай алады

Qazaq Air Нұр-Сұлтан - Үшарал және Алматы - Жезқазған бағыты бойынша субсидияланатын әуе қатынасын іске қосты, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
- Qazaq Air әуе компаниясы, ішкі туристік бағыттар бойынша тасымалдау қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында субсидияланатын әуе маршруттарға арналған қосымша конкурстың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап Нұр-Сұлтан - Үшарал бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Билет құны бір жаққа 16 мың теңгені құрайды, - делінген сәрсенбі күні таратылған ведомство хабарламасында.
Әуе тасымалдаушыға аптасына 4 рейс орындауға рұқсат етілген. Сондай-ақ осы бағыт бойынша SCAT авиакомпаниясы аптасына 7 ұшуды орындайды. Осылайша, Нұр-сұлтан – Үшарал бағыты бойынша рейстер саны аптасына 11 әуе қатынасын құрайды.

Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе рейстер 21 шілдеден бастап іске қосылды. Билеттің бір жағына құны 20 мың теңгені құрайды.

Нәтижесінде осы бағыт бойынша аптасына төрт рейс орындалады – екі SCAT әуе компаниясы және екі Qazaq Air әуе тасымалдаушы.

Следующая →