42500 теңгені 880 мың қазақстандық алды
Біржолғы төлемді алуға 1 миллион 55 мың адамнан өтінім түсті, әлеуметтік жәрдемақы 880 мың қазақстандыққа тағайындалды
Бір миллионнан астам адам 42 500 теңгеге өтінім берген, әлеуметтік төлем 880 мың қазақстандыққа тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Следующая →
- 20 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша азаматтардан шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға 1 миллион 55 мың өтініш қабылданды. Төлем 880 мың адамға тағайындалды, - деп мәлімдеді министрліктің ресми сайты.