Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болмайды
"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, тек еліміздің батысы мен шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді
Синоптиктердің айтуынша, бүгін, 15 шілдеде республиканың басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. Алайда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады. Елдің оңтүстігі де шаңды дауыл мен күшті жел күтіп тұр. Қазақстанның шығысында жаңбыр жауады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында жел секундына 15-23 метрге дейін жетеді деп болжануда. Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз секундына 18 метрге дейін жел соғады деп болжануда.
Следующая →