Қазақстанда мектеп оқушылары үшін арнайы тариф жасалады
Бұл туралы сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады. Оның айтуынша, тариф қашықтан оқытуға арналған болады
Қазақстанда үйде білім алатын оқушылар үшін арнайы тариф пайда болады. Оған оқушы мен педагог арасында тегін қоңырау шалу, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру ресурстарына қол жеткізу кіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Асқар Жұмағалиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, 4 649 елді мекен ғаламтормен қамтылғанын, сондай-ақ ұялы байланыс операторларымен оқушылар үшін арнайы тариф құру мәселесі пысықталғанын айтты.
Следующая →