Қазақстандық туристер Венгрия және Оңтүстік Кореяның қара тізіміне кірді
Қазақстаннан басқа, оған Қырғызстан, Пәкістан және Бангладеш сияқты елдер кірді
КТК телеарнасының ақпараты бойынша, Оңтүстік Корея Қазақстанды коронавирустық инфекцияны жұқтыру қауіпі жоғары елдерге жатқызып, қара тізімге енгізді. Енді Оңтүстік Кореяға кірген кезде қазақстандықтардың қолында COVID-19-да теріс нәтижесін растайтын анықтама болуы тиіс. Оны ұшуға дейін 48 сағат бұрын алу керек. Тіпті, қазақстандық туристердің бұл құжаты болса да, оларға әлі де екі апта карантинде тұруға тура келеді.
Еуропада туризм жағдайы мүлдем өзгеше. Финляндия кейбір еуропалық елдер үшін өз шекарасын ашты. Аустрия ЕО елдері үшін коронавирусқа теріс нәтижені растайтын анықтамаларды мүлдем алып тастады. Сонымен қатар, Испанияда тағы да маска режимі енгізілді. Кейбір шектеулер Франция мен Болгарияда әрекет етеді.
Следующая →