Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

13 шілде Қазақстанда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

13 шілдеде Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада телевизиялық үндеумен сөз сөйлеу барысында 13 шілде - ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстанда жалпы ұлттық аза тұту күні бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланатын болады, деп хабарлады Мемлекет басшысының кеңесшісі Ерлан Карин.

-13 шілде - жалпыұлттық аза тұту күні коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу күні, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де бүкіл ел бойынша бір минут үнсіздік жарияланатын болады, - деп жазды Карин жексенбі күні әлеуметтік желілерде.

Қазақстанда 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде айтты.

- Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Дегенмен "Әр қазақ - менің жалғызым" дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын, - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Заңнамаға сәйкес, ұлттық аза тұту күніне орай бұл күні Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Республика Қарулы Күштері түрлерінің тулары биіктігінің жартысына төмен түсіріледі. Бұл күні теле -, радиоарналарда жарнамаға тыйым салынады. Отандық телевизиялық арналар мен радиостанциялар ойын-сауық бағдарламаларын таратуды тоқтатады, газеттер ойын-сауық сипатындағы ақпараттан бас тартады.

Следующая →