Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Магистратура мен докторантураға түсетіндер емтиханды онлайн тапсырады

БҒМ магистратура мен докторантураға түсу үшін онлайн-тесттің сертификаттарын қабылдауға рұқсат берді

Онлайн-тест Duolingo және IELTS INDICATOR жүйесінде тапсырылады, деп жазды azattyq-ruhy.kz сайты.

COVID-19 пандемиясы жағдайында ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын IELTS халықаралық емтиханын дәстүрлі форматта тапсыру мүмкіндігінің болмауына байланысты ҚР Білім және ғылым министрі жоғары оқу орындарының түлектеріне магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo English Тest және IELTS INDICATOR тапсыруға рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тестілеу емтихан кезінде көшіріп алуға мүмкіндік бермейтін ақпараттық жүйелер арқылы тек электронды форматта тапсырылады.

Duolingo English Test және IELTS INDICATOR тапсыру кезінде прокторингтің заманауи жүйелері пайдаланылады. Duolingo English Test Плющ лигасының университеттері, Russell Group, Назарбаев Университеті және әлемдік деңгейдегі көптеген жоғары оқу орнында қолданыста бар. Жалпы, Duolingo жүйесінде тіркелген пайдаланушылар саны шамамен, 300 млн адамды құрайды.

IELTS Indicator - пандемия жағдайында тапсыруға болатын IELTS академиялық модулінің жаңа онлайн-тесті.

Магистратураға түсу үшін Duolingo English Test бойынша шекті балл 95-тен кем болмауы, IELTS INDICATOR бойынша - 6-дан кем болмауы керек. Докторантура үшін Duolingo English Test бойынша шекті балл 85-тен, IELTS INDICATOR бойынша - 5,5-тен кем болмауы тиіс.

Duolingo English Test сертификатының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды, ал IELTS INDICATOR сертификаты 2 жылға дейін жарамды.

Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат тек докторантура үшін міндетті. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін Duolingo English Test, IELTS INDICATOR халықаралық сертификаттарын ұсынуға немесе кешенді тестілеу барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.
Следующая →