Алматы 30 маусымнан бастап карантинге жабылады ма?
Желіде Алматының 30 маусымнан бастап карантинге жабылатындығы туралы жалған ақпарат тарауда
Алматы әкімшілігі қаланың ресми көздерінде жарияланған ақпаратты ғана пайдалануға шақырады.
Алматы билігі 30 маусымнан бастап қаланың карантинге жабылғаны туралы хабар мессенджерлерде таратылатын ақпаратты жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті.
Следующая →
Алматы билігі 30 маусымнан бастап қаланың карантинге жабылғаны туралы хабар мессенджерлерде таратылатын ақпаратты жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті.
- 30 маусымда сағат 00:01-ден белгісіз мерзімге қосымша шектеу шараларын енгізу туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын ақпаратқа байланысты, оның ішінде ірі сауда нысандары мен жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, скверлердің қызметін тоқтату, қалаға кіру мен шығуды жабу туралы, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін ресми түрде мәлімдейді, - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.Сонымен қатар, билік қала тұрғындарын мегаполис аумағында жұмыс істейтін эпидемиологиялық тәртіпті сақтауды: әлеуметтік қашықтықты, маскалық тәртіпті сақтауды және адамдар көп жиналатын жерден аулақ болуды сұрайды. Мүмкіндігінше үйден шықпаңыз, әсіресе 65 жастан асқан адамдар.