Қазақстанда коронавирус науқастарына арналған арнайы такси пайда болуы мүмкін
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде елімізде жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігі сезілетіндігі туралы айтылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы 103-ке қоңырау шалу саны 1,8 есеге өскенін хабарлады. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматыда 2-2,5 есе. Себебі қазақстандықтардан жедел жәрдем бригадасын шақырып өте ұзақ күтуге тура келетіндігі туралы арыз-шағымдар көп түскен, деп хабарлайды NUR.KZ сайты.
Бұл мәселені шешу үшін жақында Қазақсатан өндірісіндегі 807 жедел жәрдем машинасын жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, билік "корона-такси", медициналық емес ұйымдардың машиналарын енгізу мүмкіндігін қарастырады. Бірақ мұндай жаңалықты енгізу туралы шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК қабылдауы керек.
Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігі шақыруға келген кезде талдаулар алу үшін жедел жәрдем дәрігерлерін КВИ-ге тестпен жабдықтауды жоспарлап отырғанын атап өтті.
Следующая →