/ Әлем және Қазақстан

Қазақстандық 5 теңгені AliExpress-те 80 теңгеге сатады

Виртуалды сауда алаңы бүкіл әлем бойынша әртүрлі тауарларды сатумен айналысады, негізінен қытай өндірісінің
30 маусым 2020 года, 11:57 7396 Айдана Меирбаева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Казахстанскую монету 5 тенге продают на AliExpress за 80 тенге
AliExpress-ті адамдар 2010 жылдан бастап пайдалана бастады. Бүгінгі күні осы сауда алаңының көмегімен көптеген пайдалы заттарға тапсырыс беруге болады. Бірақ жеке тауарлар таңқаларлық тудыруы мүмкін. Мысалы, жақында AliExpress сайтында сатылымға екі теңгеден 100 теңгеге дейін номиналы бар қазақстандық монеталар пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Виртуалды сауда нүктесінде Замбия мен Жапониядан коллекциялық монеталарды сатумен айналысатын онлайн-дүкендер бар. Қалаушылар, тіпті, кеңестік пошта маркаларын сатып ала алады. Жақында тауарлар тізіміне қазақстандық валюта да кірді.

Қазақстандық 50, 20, 10, 5 және 2 теңгелік монеталар кіретін жиынтыққа тапсырыс бергісі келетіндер төрт доллар (1615 теңге) төлеуі тиіс. 1, 2, 5, 10, 20, 50 100 теңге оминалды жеті монеталар AliExpress сөресінде алты доллар (2422 теңге) тұрады.
Көптеген елдердің, оның ішінде Германия, Италия, Германия, Украина, Израиль, тіпті, Ресейдің коллекционерлері қазірдің өзінде монеталарға тапсырыс берген.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз