Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
КТК

Таразда жаппай төбелестен 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды

Төбелестің неден туындағаны анықталуда

Таразда жаппай төбелестен 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Марқұмның туыстарының айтуынша, оған сегіз рет пышақ ұрылған. Біреуі кеуде тұсына тиіп, өкпесі мен жүрегін зақымдапты. Дәрігерлер көп қан жоғалтқан сегізінші сынып оқушысының өмірін сақтап қала алмады. Қайғыдан қан жұтқан отбасы енді кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Өйткені бұл төбелеске қарсы жақтан 16 адам қатысқанымен, тек бір адам ғана кінәні мойнына алған. 

Оралбек Кедебаевтің өмірі небары 15 жасында қиылды. Ол бір отбасындағы 6 баланың төртіншісі. Жеткіншек болашақта әйгілі спортшы болуды армандаған. Бауыр еті – баласынан айырылған Бейсенбай Құтышев "ұлымды жабылып өлтірді" дейді. Кінәлілердің кешірім сұрауға да жарамағанын айтады.
- Адамы өліп, қазанында қан қайнап жатқанда алдыңа келсе, атаңның құнын кешесің дейді ғой. Алдымызға келсе, кішкентай да болса ашуымыз басылып, қайғымызға ортақтасқанда, шеріміз тарқар еді. Бірақ ондай іс-әрекет көрмедім, - дейді О. Кедебаевтың әкесі Бейсенбай Құтышев.
Оралбек Кедебаев биыл сегізінші сыныпты аяқтаған. Сол күні төбелеске құрдастарымен бірге барған. Ерегістің нақты неден туындағаны белгісіз. Бірақ түн жарымда мәселе шешуге бесеуі барып, 16 адамның қарсылығына тап болған. Арасында өздерінен бірнеше жас үлкендері де болыпты.
- Орал "бауырларым, пышақтап кетті" деп айғайлады. Оралды ұстап алған, осы жерге келіп құлады. Оралды алып кеттік. Олар пышақтаған соң қашып кетті, - деді төбелеске қатысушы. 
Көп қан жоғалтқан жасөспірімді дәрігерлер құтқара алмады. Ал тәртіп сақшылары осы іске қатысты тек 16 жастағы бір күдіктінің ұсталғанын айтады.
- Төбелеске қатысушылардың бәрі анықталып, жауап алынды. Аталған дерекпен ҚК 99-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталып, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған, - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Бейсенбай Құтышев жалғыз адамның жауапқа тартылғалы жатқанына наразы. Оның айтуынша, 16 бала түгелдей қамауға алынуы тиіс. Себебі, барлығы кінәлі дейді.
- Менің балам аралас жекпе-жекке қатысып жүрген. Ол бір балаға пышақтатпайды. Пышақтаған бір бала екен деген – ақылға қонымсыз. Бір бала түгілі, екі-үш балаға да балам пышақтатпайды. Ол жерде 16 бала бәрі пышақтап отыр ғой, - дейді марқұмның әкесі.
Жаппай төбелесте Оралбектің 3 досы да жарақат алған. Мұрны сынған бір құрдасы ауруханада жатыр. Оның өміріне төнген қауіп жоқ. Ал қалғаны жеңіл жарақатпен құтылған.
Следующая →