Өскемен
Бұлтты
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Семей
  • Алматы
    +6°
  • Риддер
    -1°
  • Астана
  • Ақтөбе
    +5°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +6°
  • Түркістан
    +11°
  • Орал
    +2°
  • Шымкент
    +12°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда коронавирустан вакцина шығаратын зауыт салынады

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың желтоқсан айында аяқтауды және жыл сайын 60 млн доза биофармацевтикалық дәрі-дәрмектер өндіруді жоспарлап отырғанын атап өтті

Қазақстан Үкіметі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Асқар Мамин Жамбыл облысы Гвардейский кентінде вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастады.

- Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрілік препараттар, соның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина шығаратын болады. Қазіргі уақытта Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19 қарсы кандидаттық вакцинасы ДДҰ тізіміне енгізілді және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтуде, - делінген хабарламада.

Кәсіпорында сондай-ақ пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс жануарларының обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар жүргізіледі.
Следующая →