Өскемен
Бұлтты
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    +4°
  • Риддер
    -1°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -7°
  • Ақтау
    -3°
  • Атырау
    -12°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +9°
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    -15°
  • Шымкент
    +6°
$
494.75
+0.12
586.77
+3.55
¥
71.45
+0.17
6.38
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы короновирус жұқтырды

Бұл туралы Берік Құрманғали өзінің фейсбуктағы парақшасында хабарлады, Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулығына еш қауіп жоқ

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали одан коронавирустық инфекция анықталғанын және қазір өзінің ауруханада екендігін хабарлады.

- Қымбатты достар! Өкінішке орай, коронавирустың соңғы сынағы барлық сақтық шараларына қарамастан, оң нәтиже көрсеткенін хабарлауым керек. Қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауындамын. Жағдайым қанағаттанарлық, - деп жазды Берік Құрманғали фейсбук парақшасында. - Президент Қ. Тоқаев кестеге сәйкес жұмысты жалғастырып келеді, оның денсаулығына ешнәрсе қауіп төндірмейді деп бірден мәлімдегім келеді. Мемлекет басшысы үнемі тестілеуден өтеді, - деп атап өтті баспасөз хатшысы.

Ол сондай-ақ Президенттің елордалық резиденциясында "санитарлық тәртіп күшейтіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін" хабарлады.

Берік Құрманғали баршаны "өз денсаулығыңыз бен туыстарыңыздың саулығы үшін" карантин режимін және алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырды.

- Пандемияға жеңіл қарауға болмайды. Өздеріңізді сақтаңыздар! – деп жазды ол.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 12 694 адамға жетті, сауығып кеткен науқастардың саны 7135 адам. Өлім жағдайлары - 53.

Следующая →