Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл Қазақстандағы барлық балалар лагерьлері жұмыс істемейді

Коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары болғандықтан мектеп лагерьлерінің тек 65%-ы өз жұмыстарын бастайды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардық құқықтарын қорғау бойынша комитеті төрағасының орынбасары  Юлия Овечкина хабарлағандай, балалардың сауықтыру лагерьлері, орталықтары мен кешендерінің, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлердің жұмысын бастауы туралы шешімді санитарлық нормалардың сақталуын қадағалай отырып, жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

- Бүгінгі таңда лагерьлер екі өңірде 8 маусымнан бастап ашылады. Ал тағы 12 өңірде 15 маусымнан, 20 маусымнан тағы 2 өңірде ашылады. Болжам бойынша, 12 154 лагерьден тек 65%-ы ғана жұмыс жасайтын болады, - деді  Овечкина.

Бірақ Алматы билігі қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысына биыл тыйым салған. 

Овечкинаның сөзіне сүйенсек, биыл балалар жазғы бос уақыттарын мектеп жанындағы лагерьлерден өзге аулалардағы клубтар мен үйірмелерде өткізе алады.

- Біз мектеп жанындағы ұйымдардың қызметін қарқынды ете түсеміз. Олардың барлығы балалардың бос уақытын қамтамасыз етуге 100% дайын, тіпті онлайн-форматына да әзір. Тұрғылықты мекенжайлары бойынша балаларды қабылдауға 1 222 аула клубтары дайын. 9 мыңнан астам онлайн жазғы мектептер ашылады. Жаз бойы 21 мың клуб пен үйірме жұмыс істейтін болады, - деді ол. 

Следующая →