Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Тағы 200-ден астам қазақстандықтан коронавирус анықталды

Бүгінгі күні елімізде вирус жұқтырғандар саны – 6969. Соңғы тәулікте анықталған науқастар саны бойынша Шымкент алда

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

  - Әлемде коронавирус инфекциясы бойынша сырқаттану жағдайы әлі де тұрақсыз. Ауырғандар саны өсіп отыр. Бүгінгі күні әлемде барлығы 5 миллионға жуық адам ауырып, оның ішінде 324 мың адам көз жұмды. Қазір Қазақстанда 6969 жағдай тіркелді. Күнделікті емделіп шыққан адамдардың саны артып жатыр. Барлығы 3649 адам жазылып шықты. Бұл ауырғандардың 50 пайызын құрайды. Соңғы тәулікте елде 218 жаңа жағдай тіркелді. Өсу қарқыны 3 пайызды құрады. Оның ішінде 25 байланыста болған науқас, 28 скринингтен, 21 ауруханаға жүгінген кезде анықталды, 17 сырттан әкелінген жағдай, - деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Следующая →