Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Коронавирус геномы Қазақстанда зерттеледі

Қазақстан коронавирус геномын зерттеуді қолға алмақ

Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Бізде коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайы мен олардың байланыстарын зерттеу жүргізіледі. Бұл - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобасы. Ол бізге вирус штаммын, сонымен қатар халық арасында вирустың таралу барысын, қалай таралғанын, қандай факторлар ықпал еткенін зерделеуге мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындары мамандары және ғалымдары зерделегеннен кейінгі нәтижені 1-2 айдың ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне табыстаймыз, - деді Сержан Айдосов "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" бағдарламасы барысында.

Сонымен қатар ол "Ынтымақтастық" деп аталатын жаһандық жоба аясында 4 препарат зерттелетінін және оның үшеуі елімізде тіркелгенін атап өтті.

- Біз 90 елдің қатарында осы жобаға қатысуға ниет танытқан едік. Қазіргі уақытта жоба 10 елде басталып кетті. Біздегі жағдай қандай? Біз Биоәдеп орталық комиссиясынан өттік. Комиссия мүшелері жобаны бекітті. Қазіргі уақытта Ұлттық сараптама орталығының бағасын алып жатырмыз. Өте көп құжат қажет, толық тізімі шамамен 300-500 бет болады. Біз осы құжаттарды жинап, дәлелдегеннен кейін бастаймыз деп ойлаймын, - деді ол.

Сонымен қатар ол Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы вирус геномын зерделеуге ниет танытып отырғанын айтты.

- Келесі жоба аясында вирус геномын, сондай-ақ коронавирус жұқтырған пациенттердің геномын зерделемекпіз. Мұндай генетикалық зерттеуді біздің зертхана Назарбаев университетімен бірге жүргізеді, - деді С. Айдосов.
Следующая →