Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Zakon.kz

ҚР бас санитарының жаңа қаулысына сәйкес міндетті түрде маскамен жүру керек

Бүгін Қазақстанда төтенше жағдай режімі аяқталды, халық енді қандай өзгеріс орын алатындығын түсінбей дал

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына шетелден Қазақстанға келген барлық адамды екі күнге дейін карантиндік ауруханада оқшаулануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік делегациясын қоспағанда, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ЕАЭО мен Өзбекстан аумағынан келген адамдар да екі күнге дейін карантиндік ауруханада жатуы тиіс.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері төмендегі талапты қамтасыз етуі тиіс:

- ойын-сауық, спорттық және басқа қоғамдық шараларға, отбасылық, еске алу іс-шараларына тыйым салынады;

- сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көп адам жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салынады;

- діни обьектілердің қызметіне тыйым салынады;

- әскерге шақырылған азаматтар әскери бөлімдерге келгеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуінен өтуі тиіс;

- қоғамдық орындар, өндірістік аумақтары, әуежайлар, тұрмыстық ойын алаңдарда санитарлық және дезинфекция жұмыстары жүргізілуі тиіс.


Жеті күн ішінде COVID-19 вирусының таралу деңгейі 7 пайыздан аспаған кезде, төмендегі талап жүзеге асырылуы тиіс:

- Тұрғындардың тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беріледі. Бірақ екі немесе одан да көп адам серуендегенде міндетті түрде маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс;

- Саябақтарда, алаңдарда, жағалауда серуендеуге рұқсат беріледі. Алайда онда үш адамнан немесе бір отбасының мүшесінен аспауы тиіс. Олар арақашықтықты сақтауы керек.

- Аулаға шығуға рұқсат беріледі (Алайда онда үш адамнан немесе бір отбасының мүшесінен аспауы шарт. Олар арақашықты сақтауы керек);
Следующая →