Өскемен
ясно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +17°
$
536.32
-1.52
626.9
+0.05
¥
75.27
-0.21
6.6
-0.19
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Өз сөзінде мемлекет басшысы бұл мерекенің қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат екенін атап өтті.

- Егемен еліміздегі барлық этникалық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік. Бейбітшілік пен қоғам­дық келісім – баға жетпес байлығымыз. Бұл құндылықтар Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н. Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстанның стра­тегиялық ба­ғыт-бағдарының өзегіне айналды.

Біз бір ел, біртұтас халық болып тәуелсіздігімізді нығайттық. Халықаралық қоғамдастықтағы абырой-беделімізді арттырдық.

Биылғы Бірлік күнінің мән-маңызы ерекше. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге тараған коронавирус пандемиясымен күресуде. Жаһандық эко­номикалық дағдарыстың салдарын халқымыз да сезініп отыр.

Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез келген қиын­дық­ты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! Біз біргеміз! - делінген хабарламады.
Следующая →