Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
КТК

Карантин кезінде елімізде тұрмыстық зомбылық саны артқан

Қазақстанда карантин кезінде үйінде отырып отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналғандардың саны күрт артуда

Алматы қаласында бір айда жәбір көрушілердің саны екі есе өсіпті, деп жазады ktk.kz сайты. Қаладағы арнайы орталыққа 300-ден астам әйел хабарласып көмек сұрапты. Қазір көптеген нәзік жандылар үйіне оралудан қорқып, қоғамдық ұйымдарда тұрып келеді. Төтенше жағдай жарияланғалы әлеуметтік мекемеге келушілер саны да күр жоғарылапты. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандардың көбі– қыз-келіншектер. Олардың арасында балаларынан зәбір көрген қариялармен қоса, ата-анасының қысымына шыдамаған жасөсіпімдер. Алайда күйеуінен таяқ жеген әйелдердің саны басқаларынан қарағанда артығырақ.

30 жастағы келіншек өз күйеуінен адам сенгісіз азап көргендердің бірі. Отасқанына 6 жыл болған жолдасы оны көгала қойдай сабауды әдетке айналдырған. Ақырында бұған шыдамаған ол екі баласын алып, үйден кетіп, бір айдан бері зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығында тұрып жүр.

- Ұрыс-керіс түкке тұрғысыз сөзден шыға бастады. Енемнің айтқанын тыңдайды. Енем не үшін, білмеймін, мені баласына жамандай береді. Ұрғызады. Неше үшін мұндай ұрыс-керіс шығатынын, не ұнамайтынын білмеймін, - дейді қорлық көрген әйел.

Қазіргі таңда отбасылық жанжалдың басты себебі ащы су сыңайлы. Үйден шығуға тыйым салынғандықтан ер азаматтар ішімдікке тойып алып, әйелдерінен өш алуға кіріседі екен. Ал жолдасынының озбырлығына шыдамағандар үйлерінен кетіп, әлеуметтік орталықты паналап жатады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының басшылығы мұнда карантиндік шаралар барынша сақталғандығын айтады.

- Қыз-келіншектер карантин кезінде сыртқа шығуға тыйым салынғандықтан, араша сұрап ешқайда бара алмай қалды. Сондай-ақ, көп мекеме жұмысын тоқтатқандықтан, кінәлілер жауапқа тартылмай жатыр. Істің ақ-қарасын анықтауға сот-медициналық сараптамасы да жүргізілмей, уақытты өткізіп алады. Мұның бәрі жағдайды одан әрі ушықтырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналғандар санын көбейтіп жатыр, - деді nұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Зүлфия Байсақова.

Психолог мамандар да карантин кезінде қазақстандықтардың үйлеріндегі ыдыс-аяқ жиі сылдырлайтын болғанын растап отыр. Әсіресе, қаржы тапшылығы отбасыдағы жағдайды қиындатып жібереді дейді ол.

- Өте үлкен өзекті мәселе тәуелділікке шалдыққан отбасылардағы конфликт. Ішімдік, нашақорлық тағы басқа – жалпы невротиктар. Психологиялық-эмоционалдық тұрғысында тұрақтылық жоқ азаматтар, азаматшалар, көбіне осы халде ұрыс-керіс, дау-дамайды өршіктіріп, бұны конструктивті түрде емес, диструктивті түрде дамытып жібереді, - деді психолог Ділдә Сақтағанова.

Бұл бір ғана алматылық мекемедегі мәлімет. Ал жалпы карантин кезінде Қазақстанда нақты қанша қыз-келіншектің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатқаны белгісіз.
Следующая →