Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

42 500 теңгені кімдер екінші рет алмайтынын айтты

Төтенше жағдай кезінде жұмысқа шыққан азаматтарға 42 500 теңге екінші айға төленбейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Айтуынша, әлеуметтік жәрдемақыны екінші рет алу үшін қосымша өтініш жазудың қажеті жоқ. Десе де, екінші төлем бәріне бірдей бұйырмайды. Оған себеп – кәсіпорындардың кезең-кезеңмен іске қосылуы. 20 сәуірден астана мен Алматы қаласында бизнестің кейбір субъектілері жұмысын бастады.

- Біз аудандық жұмыспен қамту штабтарымен бірге міндетті түрде деректерді салыстырамыз. Жұмысқа шығып, табысын қалпына келтіре бастаған жұмысшыларға екінші айға төленбейді. Бұл үшін egov.kz порталында арнайы форма әзірленді. Ол жерде кез келген адам жұмысына оралғанын хабарлап, төлемнен өздігінен бас тарта алады, - деді Мұқышев әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында.

Ал қалғандарына, вице-министрдің айтуынша, 42 500 теңге екінші рет төленеді.

- Екінші төлем біріншісін алғаннан кейін бір айдан соң, бірақ төтенше жағдай аяқталғанға дейін төленеді. Сәуір айының соңына дейін барлығы екінші төлемін алады,- деді ол.

Бұған дейін әлеуметтік төлем 3,6 миллион адамға төленгені хабарланған еді. Тағы үш миллиондай адам әртүрлі себепке байланысты жәрдемақыға ілікпей қалған.



Еңбек министрлігі 42 500 теңге алғаны үшін бірде бір адам қылмыстық жауапқа тартылмайтынын мәлімдеді.

Следующая →