Қазақстанда ТЖ кезінде ғаламтор алаяқтарының белсенділігі артқан
Петропавл қаласының тұрғыны белгісіз біреуге 302 мың теңгеге жаңа көлік қозғалтқышын тапсырыс берген
Тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана соңғы 10 күнде жаңа бес алаяқтық жағдайы тіркелген, деп жазады "Қазақпарат" ХАА сайты.
26 жастағы азаматша хабарландырулар сайтынан қолжетімді бағада көлік қозғалтқышына тапсырыс берген. Ол күдіктенбей 320 мың теңгені сатушының шотына аудара салған. Нәтижесінде ақшаны алған алаяқ байланыссыз кеткен.
Айта кетейік, бұған дейін Шал ауданының тұрғынының мессенджеріне жақын туысынан-мыс хабарлама келген. Ол өзінің картасының есепшот нөмірін жіберуді өтінген. Ал бірнеше минуттан кейін есепшотындағы ақшалар басқа банкке аударылып кеткен.
Следующая →