Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елжан Біртанов дәрігерлерге жалақы төлеуге шақырды

Шенеунік Алматыдағы Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлерінің дұрыс бөлінбеген үстемеақыға қатысты шағымына жауап берді

Елжан Біртанов алматылық дәрігерлердің әлеуметтік желідегі шағымына бірден назар аударып, туындап отырған мәселенің жай-жапсарын анықтайтынын айтты. Сондай-ақ, үстемеақыға байланысты шыққан дау үшін өзінің Facebook парақшасында пост жазып, дәрігерлерден кешірім сұрады, деп жазады azattyq-ruhy.kz сайты.

- Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шығарған министрліктің коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлердің үстемеақысы туралы бұйрығын қате тәпсірлеген, - деп атап өтті Елжан Біртанов.



Ол сондай-ақ, инфекциялық стационардың дәрігерлері, медбикелер, кіші медициналық қызметкерлер жалақыларына үстемеақы төленетін 1-санаттағы тұлғаларға жататынын еске салды.

- Басқарма мен емхана басшылығынан ертең таңертең қателікті жөндеп, бекітілген бұйрыққа сай үстемеақы төлеуді сұраймын! Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшылығына осы мәселені бақылауға алып, ертең тапсырманың орындалғаны жөнінде маған баяндауды сұраймын. Осы қолайсыздықтар үшін кешірім өтінемін. Facebook-ке қазір ғана қолым жетіп, әріптестерімнің үндеуін енді оқып отырмын, - деп жазды министр.
Следующая →