Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Zakon.kz

Алматыдағы жас курсанттар қолында гранатасы бар адамды ұстады

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары кезекшілік кезінде қолында гранатасы бар ер адамды ұстады

Аталған оқиға Төле би – Сайын көшелерінің аумағында болған, деп хабарлады baq.kz сайты.

Әскери қызметшілер Е. Болат пен А. Смайылдың айтуынша, оларға кезекшілік кезінде бір жігіт шағымданған. Ол белгісіз екі адамды нұсқап, олардың біреуінен граната көргендігін айтқан. Әскери қызметшілер екі адамның құжатын көрсетуін талап еткенде, олар қашуға әрекет жасайды. Алайда курсанттар белгісіз адамды ұстап алған.

- Олардың біреуінің қалтасында бір нәрсе бар екенін байқадым. Кенеттен ол ішіндегісін шығарып, жерге лақтырып жіберді. Мен граната корпусын байқадым, ол граната сақтандырғышын басқа қалтасынан алып, қолында ұстады, - деп мәлім еткен курсант Ерсұлтан Болат.

Ұсталғандар полицияға тапсырылып, табылған зат сараптамаға жіберілген. Тексеру кезінде белгілі болғандай, ұсталғандардың бірі ұрлық және қарақшылық жасағаны үшін бұрын да сотталған. Қазір құқыққорғаушылар аталған азаматтың гранатаны қайдан алғанын және оны қалай қолдануды жоспарлағанын анықтауда.
Следующая →