Бүгін Қазақстанда жауын-шашын болады

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың кей жерлерінде тұман, қатты жел, көктайғақ күтіледі, тек республиканың батыс бөлігінде жауын-шашын болмайды

Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, көктайғақ, Ақмола және Қостанай облыстарында қатты жел соғады, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Ақмола облысында кей жерлерде қар жауады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар облыстарында желдің күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіліп, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады.
Следующая →