Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өліп жатқан көгершіндер алматылықтарды алаңдатты

Әлеуметтік желі беттерінде Алматы көшелеріндегі қырылып жатқан көгершіндердің видеосы тарап кетті

Желідегілердің сөзінше, құстар залалсыздандыру жұмыстарынан соң өлген болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Facebook желісінде Ерқанат Тұрсынжанұлы есімді қолданушы Алматыдағы өлген көгершіндердің видеосын жариялаған.

- Дeзинфекцияның әсері емес пе? Көгершіндер қырылып қалыпты... Алматы қаласы, - деп жазды ол.

Кейінірек, аталмыш мәселеге қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет көгершіндердің неден қырылып қалғаны анықталып жатқанын айтты.

- Бүгін бізге Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында жансыз жатқан әрі әлсіреп құлаған көгершіндерге қатысты фото мен видеоматериалдар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, көгершіндерді тексеру үшін лабораториялық зерттеу жүргізгелі жатыр, - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.

Следующая →