33 қазақстандық елге оралды
ҚР Қорғаныс министрлігі мен сыртқы істер министрлігінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 24 наурыз күні қазақстандықтар Сауд Арабиясынан үйлеріне оралды
Осы уақыт аралығында қазақстандықтар Сауд Арабиясында болып, коронавирусқа байланысты елден шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
- ҚР Әскери-әуе күштері әскери-көлік авиациясының күштерімен Джидда - Ақтау бағыты бойынша Қазақстанның 33 азаматы үйлеріне жеткізілді, - делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Бүгінде Сауд Арабиясында тағы 100 адам бар. Олар өз қалауы бойынша қалды, өйткені олардың кейбіреулері келісімшарт бойынша осы мемлекетте жұмыс істейді. Турист ретінде ұшып келген 11 адам уақытша Мекке және Медина қалаларында орналасқан.