Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Бұл туралы брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді
Қорғаныс министрі хабарлағандай, Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты, өткен жылдың көктемінде шақырылғандарды әскери қызметтен босату тоқтатылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Сонымен қатар, осы көктемде шақырылуы тиіс азаматтар да әскерге бармайды.
Естеріңізге сала кетейік, 16 наурыздан бастап елімізде коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Бүгінгі күні аталған вирусты елімізде 72 адам жұқтырған.