Қазақстанда 56 адам коронавирусты жұқтырды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанда екі жаңа ауру жұқтыру фактісі тіркелгендігі туралы хабарлады
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі жұмыс істейді.
- Нұр-Сұлтанға коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 2 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 56 жағдайы расталды, - деді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде Нұр-Сұлтанда - 31 жағдай, Алматыда – 22 жағдай, Қарағандыда - 2 жағдай, Алматы облысында - 1 жағдай тіркелді.
Айта кетейік, коронавирустық инфекцияны болдырмау жөніндегі жедел штаб шетелден ұшып келген барлық адамдарды COVID-19-да тексеру туралы шешім қабылдады. Оларды бірден рейстен медициналық стационарға орналастыратын болады.
- Барлық авиажолаушыларға талдау тапсырмай және коронавирусқа нәтиже алмай қалаға шығуға қатаң тыйым салынады. Медициналық қызметкерлер бірден келген соң Нұр-Сұлтанға ұшып келген барлық азаматтардан сараптама алады, тек диагнозы теріс болған жағдайда ғана жолаушылар қалаға баруға құқылы, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алайда, азаматтарға дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде қалу қажет болады. Талдау нәтижелері бір тәулік ішінде қол жетімді болады.
- Осылайша, коронавирустық инфекция тасымалдаушыларды алдын ала анықтап, қала тұрғындары арасында таралуына жол бермеу керек, - делінген штаб ақпаратында.