Алматыда теракт жасауға дайындалған
Қазақстанның оңтүстік астанасында Наурыз мейрамын тойлау кезінде теракт жасауға дайындаллған күдікті ер адам ұсталды
Алматыда Наурыз мерекесі күндеріне теракт дайындаған "ДАИШ" (араб аббревиатура ИГИЛ, Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымының идеологиясын жақтаушы ұсталды, деп хабарлады сенбі күні Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
- 2020 жылдың 13 наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласындағы жедел-іздестіру іс - шараларының нәтижесінде "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанушыны ұстады (Қазақстанда тыйым салынған), - делінген хабарламада.
- Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын тойлау кезінде халық көп жиналатын жерлерде теракт дайындауға күдікті болып отыр. Тергеу барысында одан екі әскери гранатасы тәркіленді, - деп атап өтті ҰҚК-де.
Ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 "Терроризм актісі" және 258 "Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда,деп атап өтті ведомствода.