Дариға Назарбаева бейбітшілік сыйлығымен марапатталды
Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Ислам зерттеу институты Кеңесінің атынан (Исламабад, Пәкістан) "Paigham-e-Pakistan-2020" бейбітшілік сыйлығымен марапатталды
Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Сайтта хабарланғандай, бұл сыйлық Дариға Назарбаеваға қазақстандық қоғамдағы ұлттық ынтымақтастықты, келісімді және әлеуметтік әділеттілікті нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін беріліп отыр.
- Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға күш салғаны үшін және әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізгені үшін беріледі, - делінген Ислам зерттеу институты Кеңесінің хатында.