Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Қырғызстанда ұсталды

Қырғызстанға қашып кеткен "ЕSTATE Ломбард" директоры ұсталды

Қазақстандық полицияның сұрауымен Қырғыз Республикасында “Estate Ломбард” ЖШС директоры Әсет Ысқақов ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаржы пирамидалары басшыларының бұрынғы ұсталғандары сияқты олардың елден шығу жолын Қазақстан ІІМ қызметкерлері егжей-тегжейлі тексерді. Әсет Ысқақов ағымдағы жылдың ақпан айында шекараны кесіп өтіп, Бішкек қаласында жасырынған. Қазақстандық және қырғыз полицейлерінің өзара іс-қимылының нәтижесінде іздеуде жүрген Ысқақов көрші елде ұсталып, Бішкек қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қырғызстан құзыретті органдарына оны Қазақстанға экстрадициялауға материалдар жіберілді.

Елден қашып кеткен барлық үш компанияның басшылары қамауға алынды. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде полиция жалпы алғанда 17 күдіктіні ұстады. Ішкі істер органдары қаржы пирамидаларының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастырды. 

“Гарант 24 Ломбард” ЖШС, “ЕSTATE Ломбард” ЖШС және “Выгодный займ” ЖШС – алаяқтық жолмен 42 мыңнан астам қазақстандықтың мүлікті және ақшалай қаражатын иемденген. Бұған дейін, 27 ақпанда Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша Молдова Республикасының Кишинев қаласында тәртіп сақшылары “Гарант 24 Ломбард” ЖШС құрылтайшысы Аслан Мырзабеков қолға түскен болатын. 28 ақпанда Қазақстан мен Ресей шекарасында “Выгодный займ” ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов ұсталды.

Следующая →