"Астана" спорт клубының қызметкерлері 2 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
"Астана" спорт клубының үш өкілі бюджет қаржысын ұрлады деген күдікпен қамалды
"Астана" спорт клубының директоры Аманбек Кульчиков және "Астана Pro Team" велокомандасының жетекшісі Ләззат Шамшиева "Самұрық-Қазына" ұлттық қорынан бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторына екі айға қамалды, деп мәлімдеді azattyq.org.
Осы іске қатысты "Astana Motorsport" авторалли командасының жетекшісі және автошабандозы Артур Ардавичуске халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы 3 наурызда Нұр-Сұлтанда Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі Сергей Перов хабарлады.
Агенттіктік өкілінің сөзінше, үшеуінің үстінен "Қазақстан имиджі мен спортын дамытуға бөлінген қаржыны ұрлады" деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Үшеуі 2,5 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Агенттік бұл іске басқа адамдардың да қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын мәлімдеді.