Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Науқастарға мешіттерге бармауға кеңес берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрткүл әлемге түгел қауіп төндірген дертке немқұрайлық танытпауға шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың таралуына байланысты жамағатқа кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

- Құрметті отандастар! Сізде жөтел пайда болып, бойыңызда дене қызуының жоғарылауы байқалса немесе тыныс алу қиынға соққан жағдайда, дер кезінде дәрігерге жүгінуге, сондай-ақ қоғамдық орындарға, тіпті мешітке келуді тоқтатып, құлшылықтарыңызды үйде орындауға кеңес береміз, - деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматын қоғамдық орындарда тазалық ережелерін сақтап, өз денсаулығына асқан мұқияттылықпен мән беріп, сақтанып жүруге шақырды.

- Бүгінде бүкіл әлем халқына коронавирус қаупі үрей сеуіп, дерттің өзінен гөрі күннен-күнге өршелене түскен дақпырты мен дабылы дүние жүзін дүрліктіріп жатыр. Төрткүл әлемге түгел қауіп төндірген дертке немқұрайлық танытып, немкетті қарау – өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері бек мүмкін, - дейді басқармадағылар.

Следующая →