Атырау қаласының тұрғыны жемқорлық туралы хабар беріп 185 мың теңге алған
Жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін Атырау қаласының тұрғынына сыйақы берді
Ер адам бұл үшін 185 мың теңге алған, - деп хабарлайды inform.kz.
- Берілген ақпарат бойынша біз белгіленген орынға уақытылы келіп, құқық бұзушыны қылмыс үстінде ұстадық, - деп хабарлады жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақтық департаменті. - Бізге хабарланған жемқорлық фактісі орташа ауырлықтағы қылмыс санатына жатқызылды. Бұл санат бойынша сыйақы көлемі 70АЕК құрайды, яғни 185 мың теңге.
Ақпаннан бастап көлемі 1 мың АЕК (2 651 000 тенге) соманы құрайтын параға қатысты жемқорлық құқықбұзушылық туралы бейінді органдарға хабар бергені үшін, ақпарат беруші берілген сомманың 10% -ын алады.