Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Сарбаздың қару-жарақты қалай ұрлағаны белгілі болды

Әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаз екі тапаншаны сатып үлгерген

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Түркістан облысы әскери бөлімдегі қару-жарақ ұрлану фактісінің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Ұлттық арна

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратураның шұғыл тергеуі нәтижесінде сарбаздың белгілі бір уақыт бойы қару жымқырып отырғаны анықталды. Ұрланған қару-жарақ тәркіленді. Барлық қару бірден ұрланбаған. Қаңтар айының соңынан ақпанның ортасына дейін ұрлық жасалып келген. Ол жасырын түрде 1-2 қарудан жымқырып отырған. Ал автоматтарды ұрлаған кезде достарын, азаматтық тұлғаларды шақырған. Яғни, ұрланған қарудың негізгі бөлігі, автоматтар 19 ақпан күні шығарылған, – деді Санжар Әділов. 

Оның айтуынша, күдікті екі тапаншаны 120 мың теңгеден сатып үлгерген. 

- Бұл жайды бірден анықтап, тәркіледік. Қалған қаруды ол достарының үйінде сақтаған. Лауазымды тұлғалар уақтылы бақылау жүргізбей, қызметте салғырттық танытқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Яғни, өздерінің міндеттерін лайықты орындамаған. Дивизия командирі, жедел кезекші мен келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер ұсталды. Қазір олар әскери қызмет атқару ережесін бұзғаны үшін, қару ұрлығына әкеп соққан салғырттығы үшін қамауда отыр, – деді ол.


Следующая →