Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Мемлекеттік қызметкерлерді қар тазалауға шақырады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Волонтер жылы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында #Игіістеруақыты челленджі басталғанын хабарлады

Анар Жаилғанова еріктілер қозғалысын дамытудың маңызын атап өтіп, мемлекеттік қызметшілерді оған белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Биылғы жыл, өздеріңізге белгілі Еріктілер жылы деп Президентіміз бастама жасады. Былтырғы жыл - Жастар жылы болса, биыл бізде - Волонтерлер жылы. Ендеше біздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі де осыған атсалысайын деп жатыр. Мысалы, бүгін біз қар тазалауға шықтық, көмегімізді көрсеткіміз келеді. Осы қаламыздың таза болуы үшін, саябақтың таза болуы үшін. Адамдарға осы парктың ішінде демалып жүруге, серуендеуге жағдай жасау үшін. Жалпы еріктілерге келетін болсақ, ол - бүкіл дүние жүзінде кең тараған жағдай. Біз бүкіл агенттігімізбен атсалысайық деп шешім қабылдадық. Дүние жүзінде, тіпті өте үлкен компанияларға жұмысқа тұру кезінде еріктілер ретінде қызмет істеген бе, істемеген бе - соған қарайды. Яғни, ол әрбір адамның, сол кандидаттың адами қасиеттерін білдіреді, оның көпшілдігін, оның адамға деген жанашырлығын, бауырмалдығын, адамға ешқандай ақысыз енбегін көрсету сияқты, - дейді агенттік төрағасы.

Анар Жаилғанованың айтуынша, агенттік осы жылдың соңына дейін әр апта сайын халыққа, қоғамға жақсы әсерін тигізетін бір іс жасайды. Сондықтан осы жылды тек қана еріктілер емес, игі істер уақыты деуге болады.

- Қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің бізді қолдауын сұраймын. Барлығымыз атсалысатын болсақ, біз үлкен күшпіз және үлкен жетістіктерге жетеміз, - дейді Анар Жаилғанова.

Следующая →