Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Елордалық полицей 7 адамды өрттен құтқарды

Елордада полиция қызметкері 7 адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz порталына сілтеме жасап

Ерлан Жаңабаев 1 қаңтар күні әкімшілік аумағында кезекшілік атқарып жүргенде Орлыкөл көшесіндегі жатақханадан шыққан қою түтінді көрген. Ол тез арада көмекке ұмтылды. Сонымен қатар құтқарушыларды көмекке шақыруды да ұмытпады.

Ол өрт сөндірушілерді күтіп отырмай, үйге жүгіріп кіріп, іштегі адамдарды сыртқа шығара бастады. Олардың арасында қарт адамдар мен балалар болған. Ерлан Жаңабаев түтіндеген үйден 7 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 2 бала бар.

Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Полиция капитаны ол туралы ешкімге айтпаған. Бұл жағдай өрттен құтқарылған адамдардың алғыс айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін ғана белгілі болды. Олар учаскелік инспектор болмағанда бәрі қайғылы аяқталуы мүмкін екенін айтады.

Полицейдің өзі ерлік жасадым деп санамайды.

- Полициядағы қызмет – адамдарға күнделікті көмек көрсету. Бұл – біздің жұмысымыз. Мен ерекше іс істедім деп ойламаймын. Бұл жағдайда кез келген адам осылай жасар еді, - дейді полицей.

Ерлан Жаңабаев ішкі істер органдарында 17 жылдан бері жұмыс істейді.





Следующая →