Қарағанды облысында "Балқаш" әскери әуеайлағы ашылды
"Балқаш" әскери әуеайлағы енді кез-келген жойғыш, бомбалаушы, әскери-көлік авиациясы сынды ұшу аппараттарының, сонымен қатар, Boeing және Airbus түріндегі ауыр салмақты тікұшақтары қонып, ұшатын болады.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуеайлақ пайдалануға берген сәттен кейін 52 жылдан соң жөндеуден өткен. Алғаш рет 52 жыл ішінде әуеайлақта күрделі жөндеу жүргізілді, ол 2 жылға созылды.
Әуеайлақ 1967 жылы көлемі шағын ұшақтарды қабылдау үшін салынған. Ұшу-қону жолағы мен әуеайлақтың инфрақұрылым нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қону жолағына, ұшуға дейінгі жолдарға, орталық жанар-жағармай және ұшу аппараттарының тұрағына, алаң орындарына бетон жабындары төселген. Жанар-жағармай материалдарының жаңа қоймасы салынып, жоғары қарқынды жарық беретін жабдықтар, жеке жанармай қондырғылары орнатылды. Күрделі жөндеу жұмыстары мен қайта құрудан кейін әуеайлақта жауынгерлік кезекшілікті атқару қалпына келтіріліп, ұшу кезіндегі қауіпсіздік айтарлықтай жетілдірілген.
Следующая →

- Әуе қорғанысы күштеріне кез келген уақытта елдің әуе шептерін қорғауға дайын және қабілетті болу туралы жауынгерлік міндет жүктелген. Даярлықтың негізгі факторларының бірі әскери қызметшілердің қазіргі заманғы жауынгерлік авиациялық техниканы сапалы игеру және ұшу шеберлігін арттыру бойынша қызметі болып табылады, - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әуеайлақтың ашылуында.Қайта ашылған "Балқаш" әуеайлағы ҚР ҚК әуе күштерін жұмылдыруды қамтамасыз ету, күш пен құралдарды ауыстыру үшін маңызға ие. Өзінің орналасуының арқасында азаматтық әуе кемелері үшін қосалқы немесе резервтік әуеайлақ ретінде пайдаланылуы мүмкін.