"Олимп" енді ставка қабылдамайды
2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап Olimp.kz лицензиясының тоқтатылуына байланысты ставка қабылдамайды
"Олимп" букмекерлік кеңсесіндегі заң бұзушылықтар бойынша тергеу шаралары бір жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ахметжанов "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты.
- Егер тергеу шараларының көлемі үлкен болса, онда ол қажет болған жағдайда бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін, - деді бас прокурордың орынбасары мәжіліс кулуарында.Журналистер одан басқа да букмекерлік кеңселер тексеріле ме деп сұрады.
- Егер біздің заңнаманы бұзғаны анықталса, "Олимп" болсын, не басқа компания болсын – бәрі заңды қатаң сақтауы тиіс. Егер заң бұзушылықтар болсағ барлығы жауапқа тартылады, - деді Ахметжанов.