Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Таразда 13 жасар қыз ағасынан жүкті болып қалған

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 13 жастағы қызды зорлады деген айып тағылған Қашқымбай Мейіржанның ісі келіп түсті

Жұртты дүрліктірген іс бойынша 21 қазанда алдын ала тыңдау болды, ҚазАқпарат сайты.

- 8 қазан күні Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотына Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының тумасы, ҚР Қылмыстық кодексінің (1997 жылғы редакциядағы) 120-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып тағылған Қашқымбай Мейіржанның ісі келіп түсті. Қылмыстық қудалау органдары сотталушыны 2006 жылы туған, көрінеу он төрт жасқа толмаған қыздың дәрменсіз күйін пайдалана отырып оны зорлады, яғни жыныстық қатынас жасады деп айыптап отыр. Айыпталушы 22 жаста, - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Басты сот талқылауын 5 қараша күні жалпы тәртіпте, Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының залындағы жабық сот отырысында өткізу белгіленген.

Қылмыстық іс төрт томнан тұрады.

Еске салайық, бұрын Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотына Шу қаласында жасалған ауыр қылмыс ісі келіп түскен болатын. Қылмыстық істі Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев пен облыс прокуроры Жарқын Құсайынов ерекше қадағалап отыр.

Следующая →