Тәуекел Мүсілім биыл жазда үйленетінін айтты
Актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім биыл жазда үйленетінін жария етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
- Алланың алдында, ҚР алдында ерлі-зайыпты болдық. Альхамдулилах! Уайымдамаңыздар, үйлену тойы жазда өтеді, - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, актердің сүйіктісіне ұсыныс жасағаны және таңдауы қай қызға түскені туралы өткен жылдың қарашасында белгілі болған. Алайда Тәуекелдің өзі жұбайын енді ғана тұңғыш рет көрсетіп отыр.
Мүсілімнің болашақ жары - Махаббат Түктібаева. Ол - Қарағанды өңірінің тумасы. 24 жастағы ару Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті, болашақ дәрігер. Instagram желісінде қалыңдықтың 100 мың фолловері бар.