Қосатанайда ер адам бірнеше сағаттың ішінде екі қылмыс жасады
37 жастағы қала тұрғыны мас күйінде біреудің асыл тұқымды итін тартып алған
58 жастағы әйел полицияға хабарласып, неміс овчаркасын біреудің ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Азаматшаның айтуынша, ұры жер үйге терезеден жасырын кіріп, төрт айлық күшікті алып кеткен. Жолда күшікті қолынан түсіріп те алған.
Бірден жол бойында 33 жастағы азаматтың үйіне кіріп, алабайын ала қашқан. Иесі оны байқап қалып, қуа жөнеліп, жетіп алған.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қаскөйді қамауға алды. Ол өз кінәсін мойындады.