Петропавлда матрацпен сырғанаған пранкерлер елді дүрліктірді
Петропавл көшелерінде үрмелі матрацпен сырғанаған пранкерлер ұсталды
ПД мәліметінше, 7 қаңтарда әлеуметтік желіде пранк видеосы жарияланған, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі СҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда бір топ жігіттің көлікке байланған матрацпен орталық көшелерде сырғанап жүргені түсірілген. Видеода әуен қойылған, түрлі-түсті түтін шығаратын шашкалар қолданылған, былапыт сөздер айтылады.
- Видеодағы жігіттер - қаланың 19-20 жастағы тұрғындары. Олар еш жерде жұмыс істемейді. Олардың біреуі жақында Ресейден келген. Жүргізуші Петропавл қаласының 1987 жылғы тұрғыны. Ол осындай трюкқа қуана келіскен. Жастар "хайп жасап, адреналин алғысы келен" және әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдыруды ойлаған. Мұндай әзілдің адам өмірі үшін қауіпті екені олардың ойына кіріп те шықпаған, - дейді Петропавл ПБ жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Әлібек Ғабдуллин.