Нұр-Сұлтанда ер адам микроқаржылық ұйымды тонамақ болды
28 жастағы жұмыссыз ер адам ақша табу мақсатында микроқаржылық ұйымға шабуыл жасаған
Полиция қызметкерлеріне тәртіп бұзған азамат туралы ақпарат түскен. Ол кеңсеге кіріп, қызметкерлерді пышақпен қорқытқан, деп жазады NUR.KZ сайты.
Тәртіп сақшылары бұзақыны ізін суытпай ұстады. Оның жұмыссыз екені анықталды.
Ол өз кінәсін мойындады. Қазір уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.