/ Әлем және Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Бүгін православ христиандарының Рождество мерекесі тойлануда
07 қаңтар 2020 года, 14:09 941 Айдана Меирбаева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с Рождеством
Ақпарат көзі: © Zakon.kz Фото: © Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды akorda.kz сайты.

Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.

Конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.

Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосуда. Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз.

Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін!

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!

Загрузка...

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз