Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда өзінің денесімен жүкті қызды қорғап қалған жас жігіт марапатталды

2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы облысының Қызыл Ту ауылында Bek Air әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады

23 жастағы Темірлан Қадауов Алматы маңындағы Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы кезіндегі ерлігі үшін медальмен марапатталды.

Бұл марапатты қалалық полиция басшысы Серік Құдебаев Темірлан Қадауовке бейсенбі күні табыс етті.

- Жас жігіт төтенше жағдайда ерлік танытып, жанында отырған аяғы ауыр әйелді өз денесімен қорғап қалған. Сонымен қатар жігіт алған жарақатына қарамастан барлық шұғыл қызметтер келгенше басқа жолаушыларды эвакуациялауға көмектесті, - деп толықтырды Алматы қаласының полиция басшысы.

27 желтоқсанда Алматы - Нұрсұлтан бағытындағы Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 ұшағы әуежайдан ұшып шыққаннан кейін биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырып, екі қабатты құрылыспен соқтығысып, тұрғын үй секторы ауданында құлап кетті.

Апат кезінде 12 адам қаза тапты, оның ішінде әуе кемесінің командирі және 67 адам зардап шекті. Ұшақ бортында барлығы 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған.

Следующая →