Қазақстандық жалған ақша аударымдарына азық-түлік сатып алып жүрген
Бурабай аудандық полиция бөліміне азық-түлік дүкенінің иесі жүгінді, ол алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеді
Белгілі болғандай, 19 жастағы жас жігіт дүкеннің сатушыларына азық-түлік сатып алу үшін ақша қаражатын банктің мобильдік қосымшасы арқылы аудару туралы скриншоттарды ұсынған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА сайты.
Қаскүнем өз телефонымен манипуляциялар жүргізіп, сатушыларға ақша аударымы расталған дайын чектерді көрсетті. Бірақ сатушыларға ақша түспеген. Жас жігіт аударманың кешіктірілуі мүмкін және жақын арада бәрі келіп түсетінін сендірді. Азық-түлік салынған пакеттерді алып және кетіп қалып жүрген.
Уақыт өткенімен ақша шотқа түспеген. Сол кезде сатушылар алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, барлығын дүкен иесіне баяндаған.
Бірақ қаскүнем алысқа қашып үлгермеген, оны бейнебақылау камерасы тіркеген. Сол кезде полиция қызметкерлері 19 жастағы жас жігітті ұстады. Алаяқтар өз кінәсін мойындады.
- Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде келу туралы міндеттеме таңдалды, - деп қосты полиция қызметкерлері.