Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда сексеуіл орманын сақтау мәселесін көтерді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағаев сексеуіл кәуап пісіретін ағаш емес, ұлттық құндылық екенін айтты

- Сексеуілді сақтап қалу мәселесіне ерекше тоқталғым келеді. Әлем бойынша сексеуілдің негізгі бөлігі біздің жерде өсетіндіктен, оны ұрпаққа аманат ету ісінің маңызы зор, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр 2023 жылға дейін сексеуілдің барлық түрін шабуға тыйым салынғанын еске салды. 2017 жылдан бастап республиканың сауда нүктелерінде сексеуілді сатуға шектеу қойылған.

- Бұл іске басымдық беруіміз керек. Оның негізгі екі себебі бар: біріншісі – даланың шөлге айналып кетпеуімен күрес. Екіншісі, топырақтың тұзданып кетуінің алдын алу керек. Сол себепті, сексеуілді сақтап қалу үшін жеке бағдарлама даярладық. Осы ретте мейрамханалар мен дәмханалардың иелерін сексеуілді жақпауға шақырамын. Себебі, ол – ұлттық құндылығымыз. Өкінішке қарай, ол қасиетті ағашты брендіміз деп білмей, кәуап пысыруға пайдаланатындар бар. Бұл мәселеге келгенде түпкілікті ой-пайымдарымызды өзгертуіміз керек, - деді ол.

Следующая →