Парацетамол ішкен бала көз жұмды
Алматы облысында 7 жастағы қыз бала ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскен, кейін дәріні мөлшерден артық қабылдағаны салдарынан көз жұмды
Қызуы көтерілген қызына анасы қайта-қайта бас ауруының дәрісін ішкізе беріпті. Соның салдарынан бауырына зақым келген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
- Баланың қан анализін бәрін алғаннан кейін, бауырдың зақымдалғанын көрсететін көрсеткіштер бар, сол жоғары болды. Балада орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы болды. Кома жағдайында түсті деген. Соның бәрін байланыстыра отырып, Рей синдромы диагнозын қойдық, - деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Асқар Қалиев.
Васелинаға жасаған бірнеше тексеру Рей синдромы диагнозы екенін растаған. Бұл жасөспірімдер сирек шалдығатын, өте қауіпті ауру түрі. Ол дәрінің сезімтал мүшелерге қарсы әсер беріп, ағзаның зақымдалуына әкеп соғады. Евгения Игнатьева қызына парацетамолды мөлшерден тыс берген. Сөйтіп қызуы түспеген Васелина бір аптадан соң іші ауырып, ауруханада көз жұмған.